Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2340 Заң күші бар Жарлығы № 2340 Жарлығы (күші жойылды)

Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2340 Заң күшi бар Жарлығы

2007.12.01. № 221-III ҚР Заңымен күші жойылды

 

1. «Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және азаматтардың өтiнiштерiн жеке адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыру мен қорғаудың, оларды мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда қараудың бiрыңғай тәртібін белгiлеудiң маңызды құралы ретiнде айқындау мақсатында осы Жарлықты шығарамын.

1-бап. Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы заңдар

Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Жарлықпен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен реттеледi.

2-бап. Өтiнiштердiң негiзгi түрлерi жөніндегі ұғым

Осы Жарлықта пайдаланылатын ұғымдар мынаны бiлдiредi:

1. Ұсыныс дегенiмiз - қандай-да мемлекеттік органдардың сондай-ақ ұйымдардың (бұдан әрi - органдар) жұмысын жетiлдiрудiң қажеттiгiне назар аударуды олардың алдына қойылған мiндеттердi шешудiң нақтылы жолдары мен тәсiлдерiн ұсынуды мақсат етiп қоятын өтiнiш түрi.

2. Арыз дегенiмiз - азаматтардың органдарға немесе олардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдарына (бұдан әрi - лауазымды адамдар) жолдаған ресми өтiнiшi, сол арқылы олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзумен байланысты емес субъективтiк құқықтары жүзеге асырылады.

3. Шағым дегенiмiз - азаматтардың құқықтарының бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы, өтiнiштер бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалмауы, лауазымды адамдардың жолсыз әрекеттерi туралы өтiнiшi.

4. Үн қосу дегенiмiз - азаматтар сол арқылы мемлекеттiң жүргiзiп отырған iшкi және сыртқы саясатына, сондай-ақ қоғамдық мәнi бар өзге де құбылыстар мен уақиғаларға өз көзқарасын бiлдiретiн өтiнiштiң түрi.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку