Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

28237, 52859 және 68303 әскери бөлімдерін Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабына бағындыру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 6 сәуір 1993 ж. № 264

28237, 52859 және 68303 әскери бөлiмдерiн Қазақстан Республикасы
Азаматтық қорғаныс штабына бағындыру туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің қаулысы 6 сәуiр 1993 ж. N
264

     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң 28237, 52859 және 68303 әскери бөлiмдерi Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабына бағындырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы 2 айлық мерзiмде аталған бөлiмдердi қабылдап алып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен өзара iс-қимыл жасауды ұйымдастырсын және оларды әскери әзiрлiкте ұсату жөнiнде шаралар қолдансын.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бiр айлық мерзiмде аталған әскери бөлiмдерi ұстауға "Қорғаныс шығындары" бабы бойынша көзделген қаржылар есебiнен республикалық бюджеттен бөлiнетiн қажеттi қаражаты анықтайтын болсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

Укажите название закладки

Создать новую папку