«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қыркүйектегі № 1132 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қыркүйектегі № 1132 Қаулысы
ҚР Үкіметінiң 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 503-жолдағы «Алматы» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Документ утратил силу