Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1245 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1245 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 159 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім мамандықтарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім мамандықтарының тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

 
     "1. Кәсіптік орта білім мамандықтары:
     0202002 - Құқық қорғау қызметі;
     1701002 - Өрт қауіпсіздігі.
     2. Кәсіптік жоғары білім мамандықтары:
     011100 - Картография;
     021600 - Құқықтану мамандандырулары бойынша:
              "Жедел - криминалистикалық",
              "Тергеу - криминалистикалық",
              "Қылмыстық - атқарушылық";
     110400 - Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар;
     320100 - Қолданбалы геодезия;
     320200 - Аэрофотогеодезия;
     370300 - Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және оның технологиясы;
     390900 - Ядролық-химиялық технология;
     430700 - Жылу және атом электр станцияларын салу".
 

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку