Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 52 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ЖЫЛҒЫ 22 ҚАҢТАРДАҒЫ № 93 ҚАУЛЫСЫ(күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы N
52 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 93 қаулысы

 

ҚР  Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жобасын әзірлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 52 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жобасын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

     Жандосов                - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Ораз Әлиұлы               Министрінің орынбасары, жетекші
     
     Құлекеев                - Қазақстан Республикасының Экономика
     Жақсыбек Әбдірахметұлы    және сауда министрі
     
     Бәйменов                - Қазақстан Республикасының Еңбек
     Әлихан Мұхамедияұлы       және халықты әлеуметтік қорғау министрі
     
     Еламанов                - Қазақстан Республикасының
     Болат Далдайұлы           Энергетика және минералдық ресурстар
                               бірінші вице-министрі
     
     Зверьков                - Қазақстан Республикасының Көлік
     Вадим Павлович            және коммуникациялар вице-министрі;
     

көрсетілген құрамнан Ержан Әбілхайырұлы Өтембаев, Есберген Әбітайұлы Әбітаев, Серік Ахметжанұлы Аханов, Біржан Мұхаметжанұлы Мәдиев, Николай Владимирович Радостовец шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

  
         
                  
                    
   

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку