Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 1 наурыздағы № 337 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1134 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыздағы № 337
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1134  қаулысы

 

ҚР  Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыздағы № 337 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 11-12, 124-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген, 2000 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектердi өтеудiң ережесiнде:

6-тармақта:

үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

"Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң осы мемлекеттік мекеменiң бюджеттік шоты ашылған жердегi аумақтық органына (бұдан әрi - қазынашылықтың аумақтық органы) бес данада кредиторлық берешекті салыстыру кесiмдерiнiң түпнұсқаларын және мемлекеттік мекеменiң басшысы растаған, бастапқы бухгалтерлiк есеп құжаттарының көшiрмелерiн ұсынады.";

мынадай мазмұндағы екіншi абзацпен толықтырылсын:

"Мемлекеттік мекеменiң осы Ережеге сәйкес бастапқы бухгалтерлiк есебiнiң құжаттары:

1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 548 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдарға арналған бухгалтерлiк құжаттаманың нысандары альбомының нысандары:

408-нысандағы (6 мемориалдық ордер) әртүрлi ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомость;

292-а нысандағы кәртiшке немесе 292-нысанды Есеп айырысулар кiтабы;

2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінiң 1998 жылғы 23 шiлдедегi № 335 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есеп айырысуларды түгендеу кесімі болып табылады";

7-тармақтағы бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазынашылықтың аумақтық органының жауапты орындаушысы салыстыру кесімдерінің деректерін жылдық бухгалтерлік баланс пен бастапқы бухгалтерлік есептің деректерімен салыстырады және № 1 нысан бойынша төрт данада, қазынашылықтың аумақтық органы мен мемлекеттік мекеменің басшылары қол қоятын және тиісті мөрлермен бекітілетін, 2000 жылғы 1 қаңтарға кредиторлық берешектің бар екендігі туралы анықтама жасайды. Бұл ретте бір тікелей берушіге бір анықтама беріледі.";

"Кредиторлық берешектің бар екендігі туралы анықтамаларды тіркеу журналы" № 2-нысанда 3-бағандағы "(тоғыз мәндi код)" деген сөздер алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку