Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1701 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 679 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1701 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 679 Қаулысы

 

 ҚР Үкіметінің 2005.17.10. № 1041 қаулысымен күші жойылды (күшіне енетін мерзімін қара)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1701 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 52, 481-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы ережеде:

17-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;

18-тармақта:

"аудандық коэффициенттер" деген сөздің алдынан "бұрын" деген сөзбен толықтырылсын;

екінші және үшінші абзацтар алынып тасталсын.

2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку