Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 6 наурыз № 359 (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 6 наурыз № 359

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтағы «және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының» деген сөздер алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының нормативінде:

атауындағы «және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының» деген сөздер алынып тасталсын;

6-баған «1 айға 1 бірл. арн. шығыстар норм. (теңге)»алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку