Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 желтоқсандағы № 1867 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 6 желтоқсандағы № 1867 Қаулысы

 

ҚР  Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 18, 197-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 1999 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешекті өтеудің тәртібі туралы ережеде:

37-тармақтағы "негіздемелер жеткілікті болған" деген сөздер "тапсырылған құжаттар осы Ереженің 10-36-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес келген" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку