Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1593 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы N
1593 Қаулысы

 

ҚР  Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 18, 197-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 1999 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектерді өтеудің тәртібі туралы ережеде:

2-тармақтағы "1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша пайда болған", "есеп айырысу жүргізілген сәтте өтелмеген" деген сөздер "есеп айырысу жүргізілген сәттегі жағдай бойынша қалыптасқан, бірақ 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша пайда болған мұндай берешектің сомасынан аспайтын (салық төлеушінің жеке шоты бойынша көрсетілген)" деген сөздермен ауыстырылсын;

11-тармақта:

"салық органынан" деген сөздерден кейін " № 8-нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

32-тармақтың алтыншы абзацындағы "1998 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, "анықтама ұсынылған сәтте өтелмеген" деген сөздер "№ 8-нысан бойынша (салық төлеушінің жеке шоты бойынша көрсетілген)" деген сөздермен ауыстырылсын;

34-тармақтың екінші абзацындағы "1998 жылғы 31 желтоқсанда қалыптасқан", "анықтама ұсынылған сәтте өтелмеген" деген сөздер "№ 8-нысан бойынша (салық төлеушінің жеке шоты бойынша көрсетілген)" деген сөздермен ауыстырылсын;

41-тармақтағы "1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша расталған күні өтелмеген" деген сөздер алынып тасталсын;

№ 7-нысандағы "1999 жылғы "____"________ өтелмеген 1998 жылғы 31 (күні) (айы) желтоқсандағы," деген сөздер "1999 жылғы" "______" __________ (күні) (айы)

қалыптасқан және өтелуге жататын" деген сөздермен ауыстырылсын.

қосымшаға сәйкес № 8-нысанмен толықтырылсын.

2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
                                     Қазақстан Республикасы
                                     Үкіметінің 1999 жылғы 
                                     23 қазандағы № 1593 қаулысына
                                     қосымша
 
                                        № 8-нысан
     __________________________________________________
            (Аумақтық салық органының атауы, СТН)
 
     1999 жылғы "____"____________
 
 
       Республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша
          кредиторлық берешектің бар екендігі туралы
 
                     N _____ Анықтама
 
     ________________________________________________________
                 (салық төлеушінің атауы)
 
    ________________
     (облыстың коды)
 
     _______________________
     (салық төлеушінің СТН)
 
     1._____________ пайда болған республикалық бюджетке төленетін төлемдер
 (анықтаманың берілген күні)
бойынша берешектің, бірақ 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша
қалыптасқан мұндай берешектің сомасынан аспайтын, салық төлеушінің жеке
шоты бойынша көрсетілген, жалпы сомасы _________теңгені құрайды, оның
ішінде төлемдердің түрлері бойынша:
 
  _________________________________________________________________________
   Төлем    Төлемнің атауы   Берешектің   Негізгі  Өсімақылар  Айыппұлдар
   коды                     жалпы сомасы   борыш
  _________________________________________________________________________
  _________________________________________________________________________
           Жиыны
  _________________________________________________________________________
 
     2.________________
     (1999 жылғы 1 қаңтардан кейін Астана қаласында салық органдарында
тіркелген, жеткізушілер бойынша тіркелген күні мен нөмірі)
 
     3.Осы анықтама___________ данада берілді
     Салық комитетінің төрағасы_____ ______________________
                               (қолы)     (аты-жөні)
 
     Талдау және есептеу бөлімінің бастығы _______ _______________
                                            (қолы)   (аты-жөні)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку