Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының мәселелері Қазақстан Республикасы Президенті Өкімі 1998 жылғы 12 қараша № 4142 (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет
академиясының мәселелері Қазақстан Республикасы Президенті
Өкімі 1998 жылғы 12 қараша № 4142
ҚР Президентінің 2005.08.07. № 1611 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегі "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жетілдіру жөнінде одан әрі жүргізілетін шаралар туралы" № 4075 Жарлығын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының жұмысын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы туралы ереже (қоса беріледі) бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару Мектебі түлегінің дипломы мен омырауға тағатын белгісінің үлгісі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 25 ақпандағы № 3852 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 4, 21-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1998 жылғы 12 қарашадағы
№ 4142 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік қызмет академиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы (бұдан әрі - Академия) "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жетілдіру жөнінде одан әрі жүргізілетін шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегі № 4075 Жарлығымен құрылды және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын жоғары арнаулы кәсіби білім беретін мемлекеттік оқу орны мәртебесі бар жоғары білім және ғылым мекемесі болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа