Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы қаржыларының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылға 24 маусымдағы № 844 Қаулысы (күші жойылды)

Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы қаржыларының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999
жылға 24 маусымдағы № 844 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 848 Қаулысымен күші жойылды

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы қаржыларын инвестициялауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша жинақтаушы зейнетақы қаржыларын тұрақты бағалаудың тәртібі туралы нормативтік құқықтық акті әзірлеу және оны бекіту ұсынылсын.

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы қаржыларын тұрақты бағалауды жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету жөнінде шаралар қабылдасын;

өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку