Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Павлодар мұнай өңдеу зауытында пропиленді құнарландыру қондырғысының кешенін салу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 26 тамыз 1992 ж. № 706 (күші жойылды)

Павлодар мұнай өңдеу зауытында пропилендi құнарландыру қондырғысының
кешенiн салу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің қаулысы 26 тамыз 1992 ж. № 706

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды

 

Атырау химия зауытының пропилен өндiру жөніндегі жұмыс iстеп тұрған қуаттарын шикiзатпен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Жылдық қуаты 65 мың тонна пропилендi құнарландыру қондырғысының кешенiн толық дайын ету шартымен салу жөніндегі Павлодар мұнай өңдеу зауытының ұсынысы қабылдансын.

2. Павлодар мұнай өңдеу зауытына 1992-1995 жылдары мұнай өнiмдерiн қосымшаға сәйкес мөлшерде экспортқа сатуға рұқсат етiлсiн.

Қазақстан Республикасының Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігі квоталарды ресiмдесiн, ал Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі Павлодар мұнай өңдеу зауытына аталған өнiмдi экспортқа шығаруға лицензия берсiн.

3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Павлодар мұнай өңдеу зауытының ұсынысы бойынша пропилендi құнарландыру қондырғысын салу жөніндегі жұмыстарды жүргiзу үшiн шетел фирмаларының Қазақстан Республикасы машиналар, жабдықтар, аспаптар, конструкциялар және басқа бұйымдар әкелiп-әкетуiн баж салығынсыз ресiмдесiн.

      Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

                                                 Қазақстан Республикасы
                                                 Министрлер Кабинетінің
                                                1992 жылғы 26 тамыздағы
                                                    № 706 қаулысына
                                                       Қосымша
 
               Павлодар мұнай өңдеу зауытында пропилендi
            құнарландыру кешенiнiң құрылысын қаржыландыруды
             қамтамасыз ету үшiн мұнай өнiмдерiн экспортқа
                  сатудан алынатын валюта түсiмiнiң
                            Есеп-Қисабы
                             (Кесте)
                                    

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку