Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 4 желтоқсандағы № 1241 қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы № 1241 Қаулысы
ҚР Үкіметінiң 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
бөліммен, мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-1-жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі»
25-1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
«Оңалту қоры»
(шаруашылық жүргізу құқығында)
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 409-1-жолмен толықтырылсын:
«409-1. «Қазбаспасөз» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу
құқығында) Алматы қаласы».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Документ утратил силу