Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңы 1997 жылғы 22 шілдедегі № 169

"Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасының заңы 1997 жылғы 22 шiлдедегi
№ 169

"Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 10, 242-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

     1. 2-бапта:
     бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

"Осы Заңның күшi бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргiндерге тiкелей ұшыраған және қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының азаматты болып табылатын адамдардың бәрiне қолданылады.";

үшiншi бөлiктегi "Қазақстанға" деген сөзден кейiн "және Қазақстаннан" деген сөздермен толықтырылсын;

төртiншi бөлiктегi "балалары" деген сөзден кейiн үтiр қойылып "сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары" деген сөздермен толықтырылсын.

     2. 3-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Елден аластату, тұратын жерлерiнен немесе мекен еткен аудандарынан аулақтатылу (айдауға немесе жер аударуға жiберу) арнайы қоныс аударуға жiберу түрiндегi саяси қуғын-сүргiндердiң қолданылғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда (олардың жойылып жiберiлуiне байланысты), қуғын-сүргiндердi қолдану фактiсiн тану үшiн негiз адамдардың қуғын-сүргiндер акцияларының салдарынан Қазақстанның аумағында нақты тұрғанын анықтау болып табылады.".

3. 22-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "психиатриялық мекемелерге жатқызу" деген сөзден кейiн үтiр қойылып "арнайы қоныс аударуға жiберу" деген сөздермен толықтырылсын.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi
 

Укажите название закладки

Создать новую папку