Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Кейбір санаттағы зейнеткерлердің әлеуметтік қорғалуын жақсарту және оларды материалдық жағынан қолдау туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 1994 ж. 16 қарашадағы № 457-ө өкімі (күші жойылды)

Кейбiр санаттағы зейнеткерлердiң әлеуметтiк қорғалуын жақсарту
және оларды материалдық жағынан қолдау туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң 1994 ж. 16 қарашадағы № 457-ө өкімі

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға зор жеке үлес қосқан кейбір санаттағы зейнеткерлердiң (тiзбе қоса берiлiп отыр) әлеуметтiк қорғалуын жақсарту және оларды материалдық жағынан қолдау мақсатында:

1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы емдеу-сауықтыру бiрлестiгi осы құрамдағы зейнеткерлердi зейнеткерлiкке шыққанға дейiн өздерi емделген емдеу-алдын алу мекемелерiнiң тиiстi бөлiмшелерi мен үшiншi терапевтiк бөлiмшесiне тiркесiн.

2. Облыстардың, Алматы, Ленинск қалаларының әкiмдерiне, Қазақстан Республикасы Президент Аппараты мен Министрлер Кабинетінің Шаруашылық Басқармасына:

алынатын зейнетақы мөлшерiнде жыл сайынғы бiр жолғы жәрдемақы және жерлеуге сол мөлшерде жәрдемақы төлеу түрiнде материалдық қолдау көрсету үшiн жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қажеттi қаражат iздеп табу;

зейнеткерлердiң айына 20 сағатқа дейiн автомобильдер шақыртуына рұқсат беру;

азық-түлiк (көкөнiс) ассортиментi және қызмет көрсету мәдениетi бойынша тапсырыс-столдары арқылы азық-түлiкпен қамтамасыз етуде тиiстi жағдайлар жасау;

зейнеткерлерге үнемi қамқорлық жасап, олардың әлеуетiн және республиканы мемлекеттік-шаруашылық жағынан басқару тәжiрибесiн пайдалану, оларды салтанаттарға, мерейтойлар мен басқа да мерекелiк шараларға шақыру ұсынылсын.

3. Аталған шаралардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне жүктелсiн.

Премьер-министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку