Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 маусымдағы № 813 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі № 1177 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 маусымдағы
№ 813 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 1177 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiн құрылымдық қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 маусымдағы № 813 қаулысының 9-тармағын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiн құрылымдық қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 маусымдағы № 813 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 20, 234-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерту енгiзiлсiн:

9-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi және оның аумақтық органдары өзiнiң құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Бас прокуратурасына, Әдiлет министрлігіне және олардың жергiлiктi жерлердегi органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі мен Мемлекеттік тергеу комитетiнiң қозғалған қылмыстық iстер жөнiнде сұрау салуы бойынша статистикалық және талдау ақпараттарын тегiн бередi";

8, 9, 11-тармақтар 1, 2, 3-тармақтар болып саналсын.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку