Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Iшкі істер министрлігіне қосымша қызметкерлер және оларды ұстауға қаржы бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы № 1017 қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне қосымша қызметкерлер
және оларды ұстауға қаржы бөлу туралы»
 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы № 1017 қаулысы

 

 ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды

 

1. Ақпараттық орталық құрылымында оңалту жөніндегі бөлiмшелердi құру үшiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне 30 адам мөлшерiнде қосымша қызметкерлер, оның iшiнде басшы құрамға 12 адам бөлiнсiн, олар 1993 жылы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне бюджетте көзделген қаражат есебiнен ұсталатын болсын.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қосымша адам санын ұстауға арнап 1994 жылдан бастап қажеттi қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку