«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 936 бұйрығы (күші жойылды)
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 936 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 12590 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
426-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«426. Тауарларды жеткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай ретпен:
1) жүкқұжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, тауарды межелі жерге жеткізу;
2) өнім берушінің тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдап алу-беру актісін ресімдеуі;
3) тапсырыс берушінің тауарды қабылдауы;
4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына және оның нысандарына (бұдан әрі - Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидалары) сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;
5) тапсырыс берушінің жеткізілген тауар үшін ақы төлеуі жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының талаптары электр және жылу энергиясын жеткізуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа