Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «ҰЛТТЫҚ САНАҚТАРД...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 909 Қаулысы

 

Осы редакция 2023 жылғы 7 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 529-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) алғашқы статистикалық деректер - алынған немесе статистикалық нысандарда тіркелген деректер;

2) арнайы құрылған комиссия - ұлттық санақты дайындауға және өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаулық мәселелерін шешу үшін құрылған комиссия;

3) ауыл шаруашылығы санағы - ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы деректерді жинау, өңдеу, біріктірілген деректерді талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау;

4) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

5) нұсқаушы-бақылаушы - санақ учаскелерінің толық қамтылуын бақылауды жүзеге асыратын адам;

6) респондент - статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку