Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «ҚОЛЖЕТІМДІ КРЕДИ...

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 43 Қаулысы

 

Осы редакция 2024 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:

1-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. ЕДБ-ге және АНК-ге қаражат беру шарттары:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қаражаты мен өзінің басқаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 %-ға дейін қорытынды кірістілік мөлшерлемесі бойынша 10 жылға дейінгі өтеу мерзімімен 1 трлн теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.

ЕДБ және АНК шығару проспектісінде (облигацияларды шығару талаптары) айқындалатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген шарттарда өздері шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.

Әрбір ЕДБ-ға облигацияларды ең жоғары сатып алу лимиті 104 млрд теңгеден аспауға тиіс, АНК-ге облигацияларды сатып алу лимиті 170 млрд теңгеден аспауға тиіс. ЕДБ өз лимиттерін ішінара не толық пайдаланбаған жағдайда пайдаланылмаған лимит мүдделі ЕДБ арасында қайта бөлінуі мүмкін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку