Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 835 Қаулысы

 «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 835 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 675-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу үшін облыстарда (республикалық маңызы бар қалаларда немесе астанада) және аудандарда (қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда) жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Заңның 28-бабында айқындалған құрамда әскерге шақыру комиссиялары құрылады. Әскерге шақыру комиссияларының тағайындалған мүшелерінің бірі сырқаттанған немесе басқа да дәлелді себептермен болмаған жағдайда тиісті жергілікті атқарушы органдардың шешімімен әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы айқындалады және бекітіледі. Жергілікті әскери басқару органдары бірнеше әкімшілік аудандарға қызмет көрсеткен кезде әскерге шақыру комиссиялары тиісті аудан әкімі орынбасарының төрағалық етуімен әрбір ауданда құрылады.»;

6-тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру нәтижелері бойынша Заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес шешім қабылдайды.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку