«Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 1006 бұйрығы
«Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 1006 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15180 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамалары органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
396-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«396. Денсаулыққа зиян ауырлығының сараптамасы кезінде сарапшының қорытындысында:
медициналық тұрғыдан денсаулыққа зиянның объективтік белгілері (көгерген жер, қанталау, жара, сүйектің сынуы және басқалары), олардың оқшаулануы мен қасиеттері;
жарақаттайтын заттың (заттардың) із қалдыратын бөліктерінің сипаттамасы;
пайда болу тетігі;
зиян келтіру мерзімінің өтуі (мерзімі);
саралау белгісін көрсете отырып, денсаулыққа келтірілген зиян көрсетіледі.
Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы Конвенцияда (бұдан әрі - Конвенция) көзделген жәбірленушілерге қатысты іс-әрекеттер қолданылуын куәландыратын белгілер болған кезде (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңында ратификацияланған) (дене жарақаттарын фототіркеу жүргізіледі»;
452-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа