«Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 941 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 545 бұйрығы
«Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 941 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 545 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 941 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12442 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесінде:
«Басшылық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының басшы құрамы» деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының басшы құрамы»;
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, көліктегі) аумақтық органдарының басшы құрамы» деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі полиция департаменттерінің басшы құрамы»;
«Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау бөліністері» деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністері»;
«Экстремизмге қарсы күрес бөліністері» деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністері»;
«Жергілікті полиция қызметі бөліністері» деген бөлімде «жол-патрульдік полициясы бөліністері» деген кіші бөлім алып тасталсын;
«патрульдік полиция бөліністері» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
патрульдік полиция бөліністері | |
030100 | Заңтану |
Демо – версия документа