«Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 31 бұйрығы
«Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 31 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10322 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін болжау әдістемесінде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Бюджет кодексінің 49-бабына сәйкес мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп, бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін корпоративтік табыс салығы бойынша болжам (бұдан әрі – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС) ӘЭДБ-ның мұнай емес сектордың, ӘЭДБ-ның мұнай екінші және үшінші сектордың жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) көлемі, салықтың тиімді мөлшерлемесі негізінде мынадай формула бойынша айқындалады:
KРNб = KРNб1 + KРNб2, мұндағы:
KРNб – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС жалпы болжамды сомасы;
KРNб1 = (Vжққ(б.) * Sесеп) + NA, мұндағы:
KРNб1 – мұнай емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС болжамды сомасы;
Vжққ(п.) – мұнай емес сектордың ЖҚҚ болжамды көлемі;
Sесеп – есепті қаржылық жылдағы мұнай емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС тиімді мөлшерлемесі, %;
NA – салықтық және кедендік әкімшілендіру (номиналды мәнде мұнай емес сектордың ЖҚҚ-ға 0,3%);
бұл ретте:
Sесеп = KРNесеп/Vжққ(есеп) * 100, мұндағы:
KРNесеп – есепті қаржылық жылдағы мұнай емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС іс жүзіндегі түсімдері;
Демо – версия документа