(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.20.12 № 1366 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1366 Қаулысы
(2014.23.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағай» республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағай» республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Бурабай» республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
Редакция документа
Демо – версия документа