«Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына 3-қосымша) (2016.09.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Сыртқы істер министрінің 2018.02.03. № 11-1-4/78 бұйрығымен алып тасталды
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 11-1-2/177 бұйрығына
3-қосымша
«Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.09.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2016.09.12. № 11-1-2/584 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 3 (үш) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 60 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық тіркеуге алу немесе одан шығару.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі беру нысаны: қағаз түрінде.
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2016.09.12. № 11-1-2/584 бұйрығымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа