«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына және «Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 94 бұйрығы (2023.10.04. берілген өзгерістермен)
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына және «Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 94 бұйрығы
(2023.10.04. берілген өзгерістермен)
1. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023.05.04. № 71 бұйрығымен күші жойылды (2023 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20463 болып тіркелген, 2020 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестендіру карталарының сипаттамасы, оларды беру мен пайдалану қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сәйкестендіру картасының беткі жағында:
1) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес қою көк реңде жасалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, одан төмен көк түсте жасалған мемлекеттік тілдегі мемлекеттік органның атауы;
Демо – версия документа