(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕМЕЛЕРДІ ТЕҢIЗ КЕМЕЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КЕМЕ ТIЗIЛІ...
Осы редакция 2019 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 тамыздағы
№ 666 бұйрығына
2-қосымша
«Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Кемелерді Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлімiнде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Портының теңiз әкiмшiлiгiмен (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - порталы) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
1) қағаз түрінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлікті және кемеге меншік құқығы туралы куәлікті (бұдан әрі - куәлік);
2) қағаз түрінде куәлiгiнің телнұсқасын;
3) қағаз түрінде кеменi Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлiмiнен немесе Қазақстан Республикасындағы жасалып жатқан кеме тiзiлiмiнен алып тастау туралы куәлiкті (бұдан әрі - алып тастау туралы куәлік);
4) 2002 жылғы 17 қаңтарындағы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабында көзделген негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi құрылымдық бөлімшелердегі көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкердің) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
Редакция документа
Демо – версия документа