«Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерінде жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына 15-қосымша) (2019.30.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.30.01. № 40 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
15-қосымша
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020.12.05. № 187/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс
учаскелерінде жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық
жағынан зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.30.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:
төлем туралы хабарлама беру - 15 (он бес) жұмыс күні;
жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы мәліметтер беру 15 (он бес) жұмыс күні (төлем құжаты келіп түскен күннен бастап);
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут.
Документ утратил силу
Демо – версия документа