(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАС...
Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы мұражай қорығы «Хан Ордалы - Сарайшық» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 162 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы мұражай қорығы «Хан Ордалы - Сарайшық» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнің қарамағына берілсін.
2. «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы мұражай қорығы «Хан Ордалы - Сарайшық» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
Редакция документа
Демо – версия документа