«Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 255 бұйрығы
«Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 255 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 88 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерініңмемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6828 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 109-110 санында жарияланған (26530-26531) өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат етілген жүргізушілерді арнайы қайта даярлау, тиісті емтихандардан өткізу кемінде бес жылда 1 рет жүргізіледі.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа