Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 380 бұйрығы

«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 380 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 23 сәуірде № 74 (28552) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларында:

6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды сатып алынатын жерден облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың газ тарату жүйелеріне дейін магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және жерасты газ қоймаларында тауарлық газды сақтау жөніндегі орташа өлшемді шығыстар;»;

8-тармақта:

3) тармақшадағы «тоқсан сайын белгіленеді және қолданылады» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) сұйытылған мұнай газын газ толтырушы пункттердің және (немесе) автогаз құю станцияларының иелеріне өткізген жағдайда, газ желісі ұйымдары үшін тоқсан сайын белгіленеді және қолданылады.»;

9-тармақ алып тасталсын;

20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку