«Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 552 Жарлығы (күші жойылды)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасында:
«2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері» деген бөлімде:
«Макроэкономикалық тұрақтылық пен мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік борышты қалыпты деңгейде (2020 жылы ЖІӨ-ге қатысты 27,0%-дан аспайтын) ұстау үшін 2018 жылдан бастап мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты 1,0% дейін төмендетілетін болады.»;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тапшылықты азайту, мұнайдан тыс сектордан түсетін кірістердің өсуі және Ұлттық қорды шектеулі түрде пайдалану мұнайдан тыс тапшылықты (шикі мұнайға кедендік әкету баждарын есепке алмағанда) 2020 жылы ЖІӨ-ге қатысты 7,0 %-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.»;
«Елдің мемлекеттік, квазимемлекеттік және сыртқы борышын қауіпсіз деңгейде ұстау» деген кіші бөлімде:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік борыш 2020 жылы ЖІӨ-ге қатысты 27,0%-дан аспауы, оның ішінде Үкіметтің борышы ЖІӨ-ге қатысты 25,0%-дан жоғары болмауы тиіс.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы мақсатта үкіметтік борыш пен мемлекет кепілдік берген борыш лимиттерін айқындай отырып, квазимемлекеттік сектордың сырттан қарыз алу көлемдерін Үкіметпен келісу арқылы оған шектеу қойылатын болады.»;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын тиімді пайдалану» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа