Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ТАУАР БЕЛГІЛЕРІНЕ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БЕЛГІЛЕРІНЕ, ГЕОГР...

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2018 жылдың 29 тамыздағы

№ 1349 бұйрығының

3-қосымшасы

 

Осы редакция 2024 жылғы 8 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Әділет министрінің 2022.31.08. № 730 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға

және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жүргізу

қағидалары

(2022.31.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Әділет министрінің 2022.31.08. № 730 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 3-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының бірінші абзацына сәйкес әзірленді және алдын ала сараптаманы, толық сараптаманы және сараптаманы қамтитын тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Париж конвенциясы - Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау жөніндегі 1883 жылдың 20 наурызында қабылданған және әрі қарай енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар Париж конвенциясы;

2) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Халықаралық бюросы - зияткерлік меншік саласында халықаралық саясатты және мемлекеттердің ынтымақтасытығын қамтамасыз етіп, реттейтін халықаралық ұйым;

3) қорғаудан шығарылған элементтер (дискламация) - тауар таңбасына белгінің қорғауға жатпайтын элементтерін қорғаудан шығара отырып қорғауды ұсыну;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку