«І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары» (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № ҚР ДСМ-39/2020 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 17 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-39/2020 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен күші жойылды
«І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру»
мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1. Осы «І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельменттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-6-бабының 6-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельменттермен жұмыс істеуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) зертхана - органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, биохимиялық, токсикологиялық, радиологиялық зерттеулерді, физикалық факторларды дизиметриялық өлшеулерді орындайтын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
2) микроорганизмдер - бұл белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануда адамның денсаулығына әсер етуі мүмкін бактериялар, вирустар, микоплазмалар, риккетсийлер, хламидийлер және грибоктардың шығу тегі белоктық күрделі қосылыстар;
3) эксперименттік зерттеулер - шығу тегі биологиялық микроорганизмдерді, гельминттерді, уыттар мен уларды пайдаланатын жұмыстардың барлық түрлері;
4) диагностикалық зерттеулер - қоздырғышты, оның антигенін немесе оған антиденелерді анықтау және сәйкестендіру мақсатында жүргізілетін шығу тегі биотикалық және абиотикалық объектілерді зерттеу.
2-тарау. I-IV патогенді топтардың микрорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру тәртібі
Документ утратил силу
Демо – версия документа