«Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» № 151 және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» № 152 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 119 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» № 151 және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» № 152 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:
15-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде, не А-2, В-2, С-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің аппараттарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының лауазымдарында кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;»;
Демо – версия документа