«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 233 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 233 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы қаулы:
Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 74) тармақшасын;
Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 262-3) және 262-4) тармақшаларын;
Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 23-1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы «жұмылдыру салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.» деген сөздер «жұмылдыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жобалық басқару салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) жобалық басқару;»;
Демо – версия документа