(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.15.01 № 15 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық біліктілікті растау және беру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 15 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық біліктілікті растау және беру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» (бұдан әрі - кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. «Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім және ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын;
2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа