(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 27.04.99 Ж. № 487 ҚАУЛЫСЫ
«Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 487 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бірыңғай мемлекеттік есебін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, өзге де заңды және жеке тұлғалардың құқықтық ақпаратқа деген сұраныстарын компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығы мемлекеттік мекемесі» Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын:
ҚР Үкіметінің 2006.14.02. № 99 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқаруға уәкілеттік берілген орган болып белгіленсін.
Редакция документа
Демо – версия документа