(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) СПОРТ РЕЗЕРВІН ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ СПОРТШЫЛАРДЫ ДАЯ...
Осы редакция 2019 жылғы 8 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы
№ 106 бұйрығымен бекітілген
2-қосымша
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.19.05. № 136 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.19.09. № 263 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің
қағидалары
(2018.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.19.09. № 263 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.19.05. № 136 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.19.09. № 263 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің (бұдан әрі - спорт мектептері) қызметі тәртібін айқындайды.
2. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде балаларды, жасөспірімдерді, юниорларды және жастарды, олардың ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды (бұдан әрі - мүгедектер) (бұдан әрі - оқушылар), спорт түрлерінен дайындау мақсатында қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске асырылады.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.19.05. № 136 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жатады.
Редакция документа
Демо – версия документа