«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 шілдедегі № 719 Жарлығы (күші жойылды)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы
ҚР Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын калыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 397-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:
«5. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану бойынша негізгі қағидаттар мен тәсілдер» деген бөлімде:
«5.1. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану қағидаттары» деген кіші бөлімде:
екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда), оларға жататын корпоративтік табыс салығы, жер қойнауын пайдалануға салынатын баламалы салық, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық, бонустар, экспортқа салынатын рента салығы, үстеме пайдаға салынатын салық, өнімді бөлу бойынша үлес және қызметін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосымша төлемі;»;
3-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа