«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 26 шілдедегі № 253 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 26 шілдедегі № 253 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10407 болып тіркелген):
кіріспеге мынадай редакция жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа