«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 161 бұйрығы (күші жойылды)
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 161 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 наурыздағы № 43 (1443) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тану және нострификациялау рәсiмiн жүргізу үшін білім туралы құжаттарды қабылдау және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бiлiм туралы құжаттарды тану туралы өтініш берілген жағдайда Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
Документ утратил силу
Демо – версия документа