«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 939 Қаулысы (2022.03.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 939 Қаулысы
(2022.03.06. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына академик Н.Ж. Батпеновтің есімі берілсін.
Демо – версия документа