«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң кейбiр бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 520 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң кейбiр бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 520 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында
01 «Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер» сыныбында:
7 «Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша» ішкі сыныбында:
мынадай мазмұндағы 18-ерекшелікпен толықтырылсын:
«18 Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар»;
5 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» санатында:
01 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» сыныбында:
1 «Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 21-ерекшелікпен толықтырылсын:
«21 Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттерді өтеу»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобында:
2 «Спорт» функционалдық кіші тобында:
381 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
002 «Жергілікті деңгейде спорттық жарыстар өткiзу» бюджеттік бағдарлама бойынша:
Демо – версия документа