Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына 3-қосымша) (2019.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Әділет Министрінің 2016.27.01. № 41 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.23.11. № 1550 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 246 бұйрығына 3-қосымша

 

 

«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет)«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі- Мемлекеттік корпорация) көрсетеді.

2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы.

 

 

2 тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

 

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

Көрсетілетін қызметті берушіге және порталға өтініш берген кездегі құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған жағдайда - күнтізбелік 20 (жиырма) минут ішінде,

Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушіде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді);

Көрсетілетін қызметті алу үшін ең ұзақ күту уақыты - 20 минуттан аспайды;

Қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции