(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫНА ЛИЦЕНЗИЯ БЕР...
Осы редакция 2018 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 26 мамырдағы
№ 298 бұйрығына
2-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
1. «Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет Министiрінiң 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығымен бекiтiлген «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi - Стандарт) негiзiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi (бұдан әрі - көрсетiлетiн қызметтi берушi), оның iшiнде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы көрсетiледi.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзiнде.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi: Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, (электрондық түрде) не осы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн және Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген өзге де құжаттарын немесе көрсетiлетiн қызметтi алушы электрондық сұратуын алу мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) бастауға негiздеме болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-қимылдар):
1) өтiнiштi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу;
2) өтiнiштi заң қызметiн көрсету және лицензиялау басқармасының басшысы қарау;
3) өтiнiштi заң қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысының қарауы және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ресiмдеу;
Редакция документа
Демо – версия документа