Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 59 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 290 бұйрығы

«Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 59 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 290 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13458 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларында:

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) алып қою деңгейі - ядролық материалдардың, радиоактивті заттар мен электрофизикалық қондырғылардың сипаттамаларын айқындайтын, уәкілетті орган белгілеген физикалық шама мәндері;

2) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - атом энергиясын пайдалану саласындағы басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3) иондандырушы сәулелену көздері (бұдан әрі - сәулелену көздері) - радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аппараттар немесе құрылғылар, сондай-ақ иондандырушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку