(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯ (100....
ҚР Қаржы министрінің 2022.18.01. № 49 бұйрығымен 2-1 және 2-2-қосымшаларымен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 39-бұйрығына 2-1-қосымша
Осы редакция 2024 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 39-бұйрығына
2-2-қосымша
«Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау
қағидалары
(2022.18.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Осы «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (бұдан әрі - Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі - КТС) есептеуге арналған «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация» салық есептілігінің нысанын (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны:
мемлекеттік органдар;
орта білім берудің мемлекеттік мектептері;
110.00 немесе 150.00-нысандар бойынша декларацияны толтыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резидент-заңды тұлғалар, бейрезидент - заңды тұлғалар жасайды.
2. Декларация декларацияның өзінен (100.00-нысан) және салықтық міндеттемені есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (100.01-ден 100.11-ге дейінгі нысандар) тұрады.
3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін декларациядағы жолдар толтырылған кезде жасалады.
6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.
Редакция документа
Демо – версия документа